Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен өткен кеңесте Катонқарағай ауданының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды. Ауқымды стратегиялық құжат қоғам өкілдерінің, бизнес қауымдастығының және мемлекеттік органдардың қатысуымен әзірленді. Стратегия өңірді экологиялық және рухани туризмнің халықаралық орталығына айналдыруға бағытталған.

2030 жылға дейінгі ұсынылған стратегия aitas foundation қорының негізгі қағидатын айқын көрсетеді: біздің бастамаларымыздың табысы – бизнес, мемлекет және қоғам арасындағы сенім мен өзара ықпалдастықтың нәтижесі. Бұл құжат мемлекет, қоғам және бизнес арасындағы ашық диалог негізінде әзірленді. Ол жеке сектор тек өндіріс саласына ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік экожүйеге де инвестиция салып, ауылдарды дамытып, жергілікті қауымдастықтардың өмір сүру сапасын арттыратын тұрақты даму моделін көрсетеді. Бұл модель 7 жылдық бірлескен жұмыстың нәтижесінде өзінің тиімділігін дәлелдеді. 2019 жылдан бастап ауданда aitas мeken foundation жанындағы Катонқарағай ауданының тұрақты даму қоры жұмыс істейді. Қор аудан әкімдігімен және қоғам белсенділерімен бірлесіп, стратегияның іске асырылуын үйлестіруші тарап ретінде әрекет етеді. Дәл осы үшжақты сенім барлық жетістіктердің берік негізіне айналды. Aitas холдингі мен aitas foundation корпоративтік қоры өңірде әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Бүгінде жалпы инвестиция көлемі 1,1 млрд теңгеден асты.
Бүгінде аудан стратегиясы алғаш рет облыс әкімдігіне таныстырылып, жоғары деңгейде қолдау тапты.
Бұл құжат 3 негізгі бағытты дамытуды қарастырады:
- ЭкономикаҚұжатты әзірлеушілер негізгі басымдықты саналы туризмді дамытуға бағыттап отыр. Өңір жұртшылығы Катонқарағай табиғатын жергілікті тұрғындар үшін қаншалықты қастерлі болса, дәл сондай құндылық ретінде қабылдайтын туристің бейнесін нақты көреді. Инфрақұрылымдық жоспарға халықаралық әуежай, жоғары деңгейлі қонақ үйлер және сауда-туристік кешендер салу кіреді. Бұл бастамалар ауданның әлемнің түкпір-түкпірінен келетін саяхатшылар үшін заманауи туристік хабқа айналуына мүмкіндік береді. Осы шешімдердің нәтижесінде ауданның өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі 50%-ға дейін артады деп күтілуде.
- Әлеуметтік орта Стратегия аясында Үлкен Нарын және Катонқарағай ауылдары өмір сүру деңгейі жоғары тірек ауылдарға айналады. Ауданда телемедицинаны дамыту және жаңа медициналық амбулаториялар ашу жоспарлануда. Сонымен қатар жаңа балабақшалар мен қоғамдық кеңістіктер ашылады. Негізгі мақсат – тұрғындардың базалық игіліктерге 100% қолжетімділігін қамтамасыз ету, өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін арттыру және жаңа тұрғындардың келуіне қолайлы жағдай жасау. Түркі халықтарының «алтын бесігі» саналатын өңір бірыңғай архитектуралық стиль мен дизайн-кодқа ие болады.
- Қоршаған орта Катонқарағай Қазақстандағы шығарындылар деңгейі нөлге тең алғашқы аумаққа айналады. Бағдарлама пластикті пайдалануға және көмірмен жылытуға толық тыйым салуды, сондай-ақ іштен жану қозғалтқышы бар көліктердің кіруін шектеуді қарастырады. Бұл шаралар электр көліктерін дамытуға және экологиялық таза көлік түрлеріне көшуге бағытталған.
Стратегияны іске асыруға өңірден шыққан азаматтар да белсенді түрде атсалысты. Олар Катонқарағай ауданының тұрақты даму қорының қамқоршылық кеңесінің құрамына кірді. Олардың барлығы күш-жігерді біріктіру Катонқарағайды адам капиталы жоғары, әлемдегі рухани орталықтардың біріне айналдырып, **Green Destinations** талаптарына толық сәйкес келетін өңір қалыптастыратынына сенеді.
