Ұлан ауданы

Ұлан ауданы – Қазақстанның Шығыс Қазақстан облысының орталық бөлігінде орналасқан аудан. Ауданның әкімшілік орталығы – Қасым Қайсенов кенті.
Стратегия
қалыптастыруда
Экономика
қалыптастыруда
Әлеуметтік орта
қалыптастыруда
Экология
қалыптастыруда
Сырым Қайсарбеков
Ұлан ауданы бойынша Қор жетекшісі
Біз Қазақстан ауылдарының болашағына сенеміз
Қызметіміз екі негізгі қағидатқа сүйенеді
Біз БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) аясында жұмыс істейміз.
Біз Қазақстан ауылдарының тұрақты дамып, заманауи әрі өмір сүруге қолайлы мекенге айналатынына сенеміз.

аitas meken foundation – часть aitas foundation, корпоративного фонда, который реализует социальную миссию холдинга AITAS.

Бүгінде біз үш ауданда жұмыс істеп, білім беру, денсаулық сақтау, туризм және абаттандыру салаларындағы жобалар арқылы ауылдың тұтас болашақ бейнесін қалыптастырып келеміз. Негізгі фокус – экономика, экология и әлеуметтік орта бағыттарында
Біріншіден — синергия: мы объединяем бизнес, власть и общество, чтобы запускать изменения, которые работают в долгую.

Екінші — болашақтан бастау алатын жоспарлау: мы начинаем не с проблем, а с вопроса «каким может быть село через 10–20–50 лет?» и шаг за шагом превращаем это видение в конкретные проекты
Біздің жұмысымыз БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) негізделген. Біз білім беру, денсаулық сақтау, лайықты жұмыспен қамту және тұрақты қауымдастықтарды дамыту бағыттарында жұмыс істейміз.

Барлық шешімдер тұрғындармен, бизнес және билік өкілдерімен бірге қабылданады. aitas meken foundation бұл серіктестікті үйлестіріп, әдістемелік және халықаралық деңгейде қолдау көрсетеді.

Ынтымақтастыққа әрқашан дайынбыз
Проекты
«Өскемен – Бозанбай 0–70 км» туристік жобасы
Толығырақ
Мақсаты:
  • Өскемен маңында тартымды туристік өнім әзірлеп, Бозанбай ауылының қауымдастыққа негізделген туризмді (Community Based Tourism) дамыту орталығы ретіндегі әлеуетін ашу
  • Кәсіпкерлік субъектілеріне арналған гранттық бағдарлама
    Толығырақ
    Мақсаты:
  • Ұлан ауданында шағын кәсіпкерлікті қолдап, тұрғындарға көрсетілетін күнделікті қызмет түрлерінің аясын кеңейту.
  • Музыкалық мектепті аспаптармен жабдықтау және педагогтердің біліктілігін арттыру
    Толығырақ
    Мақсаты:
  • Қасым Қайсенов кентіндегі музыкалық мектептің материалдық-техникалық базасын жаңартып, балалардың дәстүрлі қазақ музыкалық аспаптарында білім алуына жағдай жасау арқылы музыкалық білім беру мүмкіндіктерін кеңейту.
  • Қасым Қайсенов кентіндегі ауланы абаттандыру
    Толығырақ
    Мақсаты:
  • Қасым Қайсенов кентінің балалары мен тұрғындары үшін қауіпсіз әрі жайлы абаттандырылған кеңістік құру.
  • Өскемен құс фабрикасы ардагерлер саябағының күтімі
    Толығырақ
    2015 жылы Қасым Қайсенов кентінде ауқымды жоба – Өскемен құс фабрикасы ардагерлер саябағының құрылысы жүзеге асырылды. Саябақ әлеуметтік инфрақұрылымның маңызды бөлігіне айналып, жергілікті тұрғындардың сүйікті демалыс орындарының бірі болды.
    Қасым Қайсенов кентіндегі Шығармашылық үйі мен оған іргелес спорт алаңына арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу
    Толығырақ
    Мақсаты:
  • Қасым Қайсенов кентіндегі Шығармашылық үйі мен оған іргелес спорт алаңын дамыту үшін жобалық негіз қалыптастыру. Бұл жұмыс Ұлан ауданының негізгі елді мекендерінің біріндегі мәдени, білім беру және спорт инфрақұрылымын одан әрі жаңғыртуға қажетті жағдай жасауға бағытталды.
  • Қасым Қайсенов кентінде INVIVO зертханасының ашылуы
    Толығырақ
    Мақсаты:
  • Қасым Қайсенов кенті тұрғындары үшін зертханалық диагностика қызметтерінің қолжетімділігін арттыру, талдау тапсыру үшін Өскемен қаласына бару қажеттілігін азайту.
  • «Шығыс салбұрыны 2024» халықаралық бүркітшілер фестивалі
    Толығырақ
    2024 жылғы қазан айында Бозанбай ауылында әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушылар мен қонақтарды жинаған «Шығыс салбұрыны» халықаралық бүркітшілер фестивалі өтті.
    Стратегияның нәтижелері
    5 грант
    Қасым Қайсенов кентінде жергілікті кәсіпкерлікті дамытуға
    3 қонақ үй
    Бозанбай ауылында UNWTO стандарттарына сәйкес жаңартылды
    3900 м²
    Қасым Қайсенов кентіндегі абаттандырылған қоғамдық аумақ
    17 млн ₸
    Музыка мектебін жабдықтауға және педагогтердің біліктілігін арттыруға