Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту қоры қызметін жаңа атаумен — aitas meken foundation ретінде жалғастырады

14.05.26

Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту қоры енді aitas meken foundation атауымен жұмысын жалғастырады. Жаңа атау қордың aitas холдингінің әлеуметтік бастамалар жүйесіне кіретінін және басты миссиясын — адамдар өз өмірі мен болашағын байланыстыратын өңірлерді дамытуды айқындайды aitas meken foundation. Новое имя отражает принадлежность фонда к социальной экосистеме холдинга aitas и его главную миссию — развитие территорий, с которыми люди связывают свою жизнь и будущее.

Қазақ тіліндегі «мекен» сөзі адамның туған жерін, өзіне жақын әрі ыстық кеңістікті білдіреді. Қор үшін бұл — балалар өсіп, кәсіпорындар жұмыс істеп, дәстүрлер сақталып, жергілікті қауымдастықтар қалыптасатын ауылдар мен аудандар. Мұндай аумақтарды дамыту білім беру, кәсіпкерлік, инфрақұрылым, қоғамдық кеңістіктердің сапасы мен табиғи мұраны сақтауды қамтитын кешенді тәсілді талап етеді.

Осы жылдар ішінде қор әкімдіктермен, кәсіпкерлермен, жергілікті қауымдастықтармен және тұрғындармен бірлесе жұмыс істеудің мол тәжірибесін жинақтады. Бұл тәжірибе aitas meken foundation қызметінің әрі қарай дамуына негіз болады. Қор серіктестерімен бірге аудандардың ұзақ мерзімді даму стратегияларын әзірлеп, жаңа экономикалық мүмкіндіктер ашуға, адами капиталды дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға қатысады.

Бұл жұмыста жергілікті тұрғындардың қатысуы ерекше маңызды. Адамдардың туған ауылы мен ауданының болашағын қалай елестететіні, олардың қажеттіліктері мен ұсыныстары даму басымдықтарын айқындауға көмектеседі. Ал жергілікті қауымдастықтардың белсенділігі мен ортақ жауапкершілігі ұзақ мерзімді нәтижелерге қол жеткізудің маңызды шартына айналады.

aitas meken foundation атауы адам мен оның туған жері арасындағы ажырамас байланысты білдіреді. Сапалы білім алу, жұмыс табу, өз кәсібін ашу, балаларды қолайлы ортада өсіру және туған өлкенің мұрасын сақтау мүмкіндігі адамдардың өз жерінде қалып, болашағын сонда құруына негіз болады.

Жаңа атаумен aitas meken foundation бизнес, билік пен қоғамның күшін біріктіріп, ұзақ мерзімді стратегияларды ауылдық аумақтарды өмір сүруге қолайлы мекенге айналдыратын нақты өзгерістерге ұластыру жұмысын жалғастырады.