Макинск қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің базасында қоян-қолтық ұрыс секциясы ашылды. Қазір оған 40-тан астам бала қатысады. Жергілікті тұрғындардың өтініші негізінде қолға алынған бастамаға aitas meken foundation қолдау көрсетті. Қор жаттығулар өткізуге қажетті спорттық құрал-жабдықтарды сатып алуды қаржыландырды. aitas meken foundation. Фонд профинансировал приобретение необходимого спортивного инвентаря для проведения тренировок.
Секцияда балалар қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін меңгеріп, дене дайындығын шыңдайды, тәртіпке үйренеді және жаттықтырушының жетекшілігімен тұрақты түрде жаттығады. Ал ата-аналар үшін бұл балалардың бос уақытын өз қаласында спортпен шұғылдануға арнауына берілген қосымша мүмкіндік болды.
Бұл жоба тұрғындар, спорт мектебі мен қордың бірлескен жұмысы арқылы маңызды бастамаларды жүзеге асыруға болатынын көрсетті. Спорт мектебі жаттығу өткізуге орын ұсынды, жаттықтырушы сабақтарды ұйымдастырды, ал қор қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Осындай серіктестік секцияны одан әрі дамытуға және балаларды спортқа көбірек тартуға жағдай жасайды.
aitas meken foundation үшін секцияны қолдау Бұланды ауданының әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы кешенді жұмыстың бір бөлігі. Балалардың спортпен шұғылдануына, қабілеттерін дамытуына және бос уақытын пайдалы өткізуіне жағдай жасау олардың және отбасыларының өмір сүру сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады.