В селе Берель Катон-Карагайского района разрабатывается дизайн-код, который поможет развивать туристскую инфраструктуру, сохраняя самобытность села. Работа ведётся при поддержке фонда устойчивого развития сельских территорий и включает исследование территории, встречи с жителями и подготовку рекомендаций по архитектурному облику и благоустройству.
Берел — Катонқарағай ауданындағы туризм дамып келе жатқан маңызды ауылдардың бірі. Ауыл маңында Алтайдың ежелгі көшпелілер мәдениетіне қатысты бірегей жәдігерлерімен танымал Берел қорғандары орналасқан. Мұнда бай тарихи мұра көркем табиғатпен және ауылдық әрі белсенді туризм мүмкіндіктерімен ұштасады. Қонақтар жаяу және атпен серуендеп, дәстүрлі қолөнермен, жергілікті тағамдармен және ауылдың күнделікті тіршілігімен таныса алады.
Туризмнің дамуы жергілікті кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер ашады. Қонақ үйлер ашу, қоғамдық тамақтану орындарын ұйымдастыру, экскурсиялық қызмет көрсету және жергілікті өнімдерді сату сияқты бағыттар кеңейе түседі. Сонымен қатар ауылдың жайлы әрі өзіндік келбеті бар ортаға айналуы маңызды. Ол үшін ыңғайлы қоғамдық кеңістіктер, түсінікті бағыттаушы белгілер және қалыптасқан құрылыс ерекшеліктерін ескеретін абаттандыру шешімдері қажет. Өйткені Берел туралы әсер тек тарихи орындарды аралаудан емес, ауыл көшелерімен серуендеуден, тұрғындармен танысудан және оның ерекше атмосферасын сезінуден қалыптасады.
Дизайн-кодты әзірлеумен «727» урбан-бюросы айналысып жатыр. Мамандар ауылдың сәулетін, тарихи-мәдени мұрасын, қоғамдық кеңістіктерін және күнделікті өмір ерекшеліктерін зерттеуде. Зерттеудің маңызды бөлігі — жергілікті тұрғындармен және кәсіпкерлермен кездесулер. Олардың тәжірибесі мен білімі болашақ сәулеттік шешімдерге негіз болатын Берелдің бірегей ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі.
Мәселен, зерттеу барысында кейбір тұрғындардың үйлерін бояу үшін жергілікті жерден алынатын алтын түстес сары балшықты пайдаланатыны анықталды. Урбанист Жандос Жұмабайдың айтуынша, осы дәстүр мамандарға сарғыш және алтын реңктерінен тұратын түс үйлесімін ұсынуға негіз болған. Бұл түстер табиғи материалдарды, ауылдың сәулеттік келбетін және археологиялық мұрасын өзара байланыстырады. Мұндай тәсіл Берелдің өзіндік ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның бірегей визуалды келбетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Әзірленіп жатқан дизайн-кодта ғимараттардың қасбеттерін, маңдайшаларды, қоршауларды, көгалдандыруды, бағыттаушы белгілерді және абаттандыру элементтерін рәсімдеуге қатысты ұсынымдар қамтылады. Ұсынылған шешімдерді тұрғындармен талқылау олардың күнделікті қажеттіліктерін ескеруге және ауылды туристер үшін де ыңғайлы әрі тартымды етуге көмектеседі.
Для фонда устойчивого развития сельских территорий разработка дизайн-кода Береля — часть долгосрочной работы по развитию туристской среды Катон-Карагайского района. Главная задача — создать условия, при которых развитие туризма будет приносить пользу местным жителям, а Берель сохранит свою уникальность, основанную на природе, истории и живых традициях.