Мерзімі: 2021-2022
Бюджет: 17,2 млн ₸
Қордың үлесі: 11,7 ₸
Ауқымы: Бозанбай ауылы және оның маңайы; 3 қонақ үйі; Көктау тау сілеміндегі туристік бағыттар.
Мақсаты:
- Өскемен маңында тартымды туристік өнім әзірлеп, Бозанбай ауылының қауымдастыққа негізделген туризмді (Community Based Tourism) дамыту орталығы ретіндегі әлеуетін ашу
Шешім:
- Қор Бозанбай ауылы мен оның айналасындағы аумақта трекинг, ат туризмі және велотуризм бағыттарын қамтитын туристік өнімдерді дамытуға қолдау көрсетті. «Қонақжайлылық мектебі» бағдарламасы аясында қонақ үйлер иелері мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсы өткізілді. Сондай-ақ Ошан, Мұқай және Әбдолла отбасыларына қонақ үйлердің жағдайын жақсартуға бағытталған гранттық қолдау көрсетілді.
Нәтижесі:
- Көктау тау сілемінде туристік маршруттар әзірленіп, қонақ үйлер иелеріне оқыту жүргізілді. Үш қонақ үй туристерді қабылдау және қызмет көрсету бойынша ең төменгі талаптарға сәйкестендіру үшін грант алды. Жоба Ұлан ауданындағы ауылдық туризмді дамытудың практикалық пилоттық үлгісіне айналды.
Мерзімі: 2020
Бюджет: 9,5 млн ₸
Қордың үлесі: 9,5 ₸
Ауқымы: 6 грант бөлініп, ателье, қосымша білім беру, қазы өндіру, сұлулық салоны, қоғамдық дәретхана және аяқ киім жөндеу бағыттарындағы кәсіпкерлік жобалар қолдау тапты.
Мақсаты:
- Ұлан ауданында шағын кәсіпкерлікті қолдап, тұрғындарға көрсетілетін күнделікті қызмет түрлерінің аясын кеңейту.
Шешім:
- Ауданда кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға бағытталған гранттық бағдарлама іске асырылды. Бағдарлама аясында жергілікті экономикаға және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға нақты үлес қосатын жобаларға қолдау көрсетілді. Олардың қатарында тұрмыстық қызметтер, қосымша білім беру және шағын өндіріс бағыттары бар.
Нәтижесі:
- Жергілікті кәсіпкерлердің жобаларына 6 грант бөлінді. Жобаларды іске асыру және менторлық сүйемелдеу мерзімі 12 айды құрады. Қолдау көлемі әр жобаға 1 және 2 млн ₸ мөлшерінде болды. Бағдарлама аудандағы жергілікті қызмет көрсету саласын және кәсіпкерлік белсенділікті дамытуға ықпал етті.
Мерзімі: 2029-2021
Бюджет: 16 млн ₸
>
Мақсаты:
- Қасым Қайсенов кентіндегі музыкалық мектептің материалдық-техникалық базасын жаңартып, балалардың дәстүрлі қазақ музыкалық аспаптарында білім алуына жағдай жасау арқылы музыкалық білім беру мүмкіндіктерін кеңейту.
Шешім:
- Қор музыкалық мектепті дамыту жобасын жалғастырып, 2021 жылы сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз және домбыра сияқты жаңа ұлттық музыкалық аспаптарды сатып алды. Сонымен қатар педагогтердің біліктілігін арттыру мақсатында белгілі композитор әрі мультиаспапшы Еділ Хұсайынов шақырылып, мектеп мұғалімдеріне арналған арнайы оқыту бағдарламасын өткізді.
Нәтижесі:
- Музыкалық мектеп жаңа аспаптармен жабдықталып, педагогтер біліктілігін арттыру курстарынан өтіп, олармен жұмыс істеу дағдыларын меңгерді. Есеп беру концертінде мұғалімдер жаңа аспаптарда музыкалық шығарма орындап, кейін осы бағытта балаларға білім беру мүмкіндігіне ие болды. Жоба мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтып, кент балаларының ұлттық мәдениетпен және дәстүрлі музыкалық аспаптармен байланысты сапалы музыкалық білім алу мүмкіндіктерін кеңейтті.
Мерзімі: 2020
Бюджет: 20 млн ₸
Мақсаты:
- Қасым Қайсенов кентінің балалары мен тұрғындары үшін қауіпсіз әрі жайлы абаттандырылған кеңістік құру.
Шешім:
- Кентте аумақты абаттандыру және балалар алаңын салу жұмыстары жүргізілді. Жоба тұрғындардың күнделікті өмір сүру жағдайын жақсартуға және тұрғын аймақта жайлы орта қалыптастыруға бағытталды.
Нәтижесі:
- 3900 шаршы метр аумақ абаттандырылып, балалар алаңы салынды. Жоба аулалық ортаның сапасын жақсартып, балалардың бос уақытын өткізуіне және тұрғындардың өзара қарым-қатынас жасауына арналған жаңа кеңістік қалыптастырды.
Мақсаты:
Өскемен құс фабрикасы ардагерлерінің құрметіне құрылған қоғамдық кеңістікті сақтау және дамыту – ұрпақтар сабақтастығының, тарихи жады мен бірліктің символы ретінде оның маңызын арттыру.
Жоба жайлы::
2015 жылы Қасым Қайсенов кентінде ауқымды жоба – Өскемен құс фабрикасы ардагерлер саябағының құрылысы жүзеге асырылды. Саябақ әлеуметтік инфрақұрылымның маңызды бөлігіне айналып, жергілікті тұрғындардың сүйікті демалыс орындарының біріне айналды.
Саябақ аумағында ағаштар, бұталар мен гүлзарлар отырғызылып, альпілік төбешіктер, ұқыпты көгалдар мен жасыл қоршаулар жасалды.
Тұрғындардың демалысы үшін беседкалар мен шахмат үстелдері орнатылып, мұнда кешкі уақыттарын өткізуге және шахмат турнирлерін ұйымдастыруға мүмкіндік берілді. Балалар үшін сырғанақтар, әткеншектер мен құмсалғышы бар екі ойын алаңы жабдықталды. Ал субұрқақ саябақтың басты тартымды нүктесіне айналды.
Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту қоры 2019 жылдан бастап саябаққа тұрақты қызмет көрсету, абаттандыру және күтіп ұстау жұмыстарын қамтамасыз етіп, оның тазалығы мен жайлылығын сақтап келеді.
Мерзімі::
2019 жылдан бері
Жалпы бюджет :
160 000 000 ₸
Мерзімі: 2025
Бюджет: 15,2 млн ₸
Қордың үлесі: 15,2 ₸
Мақсаты:
- Қасым Қайсенов кентіндегі Шығармашылық үйі мен оған іргелес спорт алаңын дамыту үшін жобалық негіз қалыптастыру. Бұл жұмыс Ұлан ауданының негізгі елді мекендерінің біріндегі мәдени, білім беру және спорт инфрақұрылымын одан әрі жаңғыртуға қажетті жағдай жасауға бағытталды.
Шешім:
- Қор жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді қаржыландырып, Шығармашылық үйі мен оған іргелес спорт алаңын біртұтас жоба аясында қарастырды. Мұндай тәсіл нысанды тек жеке ғимарат ретінде емес, қосымша білім беру, шығармашылық даму, бос уақытты тиімді өткізу, спортпен айналысу және балалар мен жастарды тұрақты түрде белсенділікке тартуға арналған қоғамдық кеңістік ретінде дамытуға мүмкіндік береді.
Нәтижесі:
- Қасым Қайсенов кентіндегі Шығармашылық үйі мен оған іргелес спорт алаңына арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Жоба кейінгі қаржыландыруды тартуға және кенттің әлеуметтік ортасын нығайтуға бағытталған инфрақұрылымдық нысанды іске асыруға негіз қалады. Бұл нысан балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізу мүмкіндіктерін кеңейтіп, Ұлан ауданындағы қоғамдық инфрақұрылымның сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Мерзімі: 2021
Бюджет: 7,2 млн ₸
Қордың үлесі: 1,5 ₸
Мақсаты:
- Қасым Қайсенов кенті тұрғындары үшін зертханалық диагностика қызметтерінің қолжетімділігін арттыру, талдау тапсыру үшін Өскемен қаласына бару қажеттілігін азайту.
Шешім:
- Қор INVIVO зертханасымен бірлесіп биоматериал алу пунктінің ашылуын қолдады. Қордың қолдауымен зертханалық пунктті іске қосуға қажетті жиһаздар мен құрал-жабдықтар сатып алынды.
Нәтижесі:
- Қасым Қайсенов кентінде биоматериал алу пункті ашылды. Тұрғындар енді талдауларды аудан аумағында тапсырып, облыс орталығына бару қажеттілігін азайта алды. Бұл базалық медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
Мақсаты:
Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау және насихаттау – саятшылық дәстүрін жаңғырту және оқиғалық туризмді дамыту арқылы жүзеге асырылады.
2024 жылғы қазан айында Бозанбай ауылында әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар мен қонақтардың басын қосқан «Шығыс салбұрыны» халықаралық бүркітшілер фестивалі өтті. Фестивальдің негізгі алаңы тарих, мәдениет және табиғат тоғысқан киелі орын – Бүркіт төбе болды.
Фестиваль жай ғана мереке емес, ұлттық тамырмен қайта қауышудың жарқын көрінісіне айналды. Мұнда саятшылық дәстүрлері мен ғасырлар бойы қазақ даласының рухын қалыптастырған көшпелі халықтардың салт-дәстүрлері қайта жаңғырды.
Іс-шараға Ресей, Моңғолия, Мажарстан және Қытайдан келген 90 бүркітші қатысты. Сонымен қатар Астана және Алматы қалаларынан, сондай-ақ Қазақстанның он облысынан келген құсбегілер мен қонақтар жиналды.
Фестиваль саналы және мәдени туризмді ілгерілету алаңына айналып, өңірдің халықаралық беделін арттырды және Шығыс Қазақстанның этномәдени мұра орталығы ретіндегі әлеуетін көрсетті.
Мезімі:
Қазан, 2024 ж
Қордың үлесі:
18 000 000 ₸