Қор қызметкерлері Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарындағы ауылдарды дамыту тәжірибесімен танысты

04.05.26

Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту қорының командасы Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарына жұмыс сапарымен барып, ауылдарды дамытудың табысты тәжірибелерін зерделеді. Сапар барысында жергілікті бизнестің ауыл өміріне қатысуына, жаңа жұмыс орындарын ашуға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға ерекше назар аударылды.

Сапардың алғашқы бағыттарының бірі Түркістан облысындағы Құтарыс ауылы болды. Мұнда қор командасы OZEN қайырымдылық қорының қызметімен танысты. Қатысушылар қоғамдық кеңістіктерді, кәсіпкерлік және спорт нысандарын аралап, сәулеттік шешімдер мен көшелерді безендіру тәсілдерін зерделеді.

Құтарыс ауылының тәжірибесі Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту қорының ұстанымына жақын. Мұнда кәсіпкерлік пен қызмет көрсету саласын дамыту тұрғындардың спортпен шұғылдануына, өзара араласуына және бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасаумен қатар жүреді. OZEN өкілдерінің айтуынша, олардың жұмысы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға, жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейтуге және қала мен ауыл арасындағы өмір сүру жағдайларының айырмашылығын азайтуға бағытталған.

В Кызылординской области команда посетила село Бесарык Сырдарьинского района, где важную роль в развитии местной экономики и социальной инфраструктуры играет ТОО «Абай-Даулет». Помимо сельскохозяйственного производства, здесь активно развивается малый бизнес. На производственной площадке, созданной компанией, работают цеха по изготовлению мыла, пластиковой тары, текстильных и других изделий. Такой подход позволяет объединять ресурсы крупного предприятия с предпринимательскими инициативами местных жителей.

Бесарық ауылында қор қызметкерлері жергілікті кәсіпорындардың жұмысымен танысып, жаңартылған Мәдениет үйін, кітапхананы және абаттандырылған қоғамдық кеңістіктерді аралады. Ауыл экономикасының сан түрлі бағытта дамуы ерекше қызығушылық тудырды. Мұнда күріш өсіру мен мал шаруашылығынан бастап, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, сауда және күнделікті тұтыну тауарларын өндіруге дейінгі кәсіп түрлері дамыған.

Сапар барысында қор командасы бизнес пен қайырымдылық ұйымдарының ауылдарды дамытуға қатысуының түрлі үлгілерімен танысты. Қор үшін жергілікті экономиканың дамуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына қалай ықпал ететінін, ал әлеуметтік инфрақұрылым мен қоғамдық кеңістіктерге салынған инвестициялар ауыл тұрғындарының күнделікті өмірін қалай жақсартатынын көру маңызды болды.

Жинақталған тәжірибе қор жұмыс істейтін аудандарда жаңа жобаларды жоспарлау кезінде пайдалы болмақ. Бұл ретте әр өңірдің ерекшеліктерін ескеру маңызды. Атап айтқанда, жергілікті кәсіпкерлердің әлеуеті, тұрғындардың қажеттіліктері, өнім өндіру және өткізу мүмкіндіктері, сондай-ақ құрылған нысандарды одан әрі дамыту мен күтіп ұстауға жергілікті қауымдастықтардың дайындығы назарға алынуы тиіс.