Фонд туралы
2019 жылдан бергі AITAS холдингінің әлеуметтік миссиясының нәтижелері
Қор Aitas Foundation-ның ауылдық аумақтарды дамыту стратегиясын жүзеге асырады Aitas Foundation
7
жылдық белсенді
жұмыс
жұмыс
3
Қазақстанның
ауылдық ауданы
ауылдық ауданы
200+
жүзеге асқан
жоба
жоба
5,3
Aitas холдингі мен Толықпаев С.К-ның
салған инвестиция көлемі
салған инвестиция көлемі
400+
ауыл мектебі
тірек мектептерге арналған
білім беру жобаларына қатысты
тірек мектептерге арналған
білім беру жобаларына қатысты
20
қор гранттарының қолдауымен
аудан орталықтарында ашылған
жекеменшік медициналық зертханалық кабинет саны
аудан орталықтарында ашылған
жекеменшік медициналық зертханалық кабинет саны
Біздің жұмыс тәсілдеріміз
Әдістеме
Ауылдық аудандағы жұмыс кезеңдері
Әдістемені жүктеп алу
01
Аудандық үйлестірушіні іріктеу және тағайындау
02
Жергілікті қауымдастықпен бірге ауданның әлеуеті мен мәселелерін талдау
03
Ұзақ мерзімді тұрақты даму стратегиясын әзірлеу
04
Стратегияны аудан тұрғындарымен талқылау
05
5 жылға арналған орта мерзімді жұмыс жоспарын әзірлеу
06
Жыл сайынғы даму басымдықтарын айқындау
07
Жобалар мен бастамаларды іске асыру
08
Жыл сайынғы нәтижелерді бағалау және стратегияны жаңарту
Сандар мен статистика
Қордың 7 жылдағы қызметінің нәтижелері
2,8
млрд теңге
ауылдық аумақтарды
дамытуға инвестицияланды
дамытуға инвестицияланды
44,2
млрд теңге стратегия аясында
инвестиция тартылды
инвестиция тартылды
2
халықаралық
халықаралық серіктес
халықаралық серіктес
86%
аудан бюджетінің қаражаты тұрақты даму
стратегиялары аясында бағытталады
стратегиялары аясында бағытталады
Институционалдық даму
Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту қоры жергілікті деңгейде ғана емес, ауылдың болашағына ықпал ететін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу үдерісіне де белсенді қатысады. Біз жергілікті тұрғындар, бизнес, мемлекеттік органдар және халықаралық ұйымдар арасындағы тиімді диалог пен серіктестікті дамытамыз.
Біздің бастамаларымыз Парламентте және БҰҰ-ның халықаралық алаңдарында көтеріліп, министрліктер мен әкімдіктер деңгейінде қолдау табуда. Мұндай тәсіл ауылдық аумақтардың ұзақ мерзімді дамуына негіз болатын жүйелі өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Біз үшін ауылдың үні барлық деңгейде – жергілікті қауымдастықтан бастап ұлттық және халықаралық шешім қабылдау алаңдарына дейін естілуі маңызды.
Толығырақ

Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту қоры өз міндетін жекелеген жобаларды іске асырумен ғана шектемейді. Біз ауылды дамыту елдің ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатының ажырамас бөлігіне айналатын жағдай қалыптастыруға ұмтыламыз.
Халықаралық деңгейде Қор Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі жаһандық талқылауларда Қазақстанның тәжірибесін таныстырады. 2022 жылы біз Солтүстік және Орталық Азия елдерінің Ерікті ұлттық шолуларын дайындауға арналған семинарға, сондай-ақ Нью-Йоркте өткен Жоғары деңгейдегі саяси форум аясындағы БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) қатарлас іс-шараларына қатысты. 2024 жылы Қор БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен (ФАО), Халықаралық көші-қон ұйымымен, білім беру ұйымдарымен және халықаралық бизнес өкілдерімен серіктестікті бастады.
Ұлттық деңгейде Қор Қазақстан Парламентінде ауылдық аумақтардың ұзақ мерзімді дамуына қатысты негізгі мәселелерді көтереді. Біз Мәжілісте әр аудан үшін жеке даму стратегиясының қажеттілігі туралы сөз сөйлеп, Сенатта бастамаларымызды таныстырдық және 2023–2027 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын әзірлеу жұмыстарына қатыстық. Сондай-ақ Қор ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға байланысты жүйелік мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар енгізді.
Қоғамдық деңгейде біз ауылдық аумақтардың даму үдерісіне жергілікті тұрғындарды, бизнесті және үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, бірлескен даму көзқарасын қалыптастырамыз. Бұл көзқарас ұзақ мерзімді және орта мерзімді даму стратегияларын әзірлеу арқылы нақты іс-қимылдарға айналады.
Осы кешенді тәсіл Қорға түрлі тараптарды біріктіруге және ауылдық аумақтардың тұрақтылығын ұзақ жылдарға нығайтатын өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Біздің команда
Халықаралық серіктестер
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО)
https://www.fao.org/home/ru
Халықаралық көші-қон ұйымы
https://www.iom.int/
Жетістіктер мен марапаттар
2022
ҚР III Ерікті ұлттық шолуында Aitas холдингінің тұрақты даму қорлары ауылдық аумақтарда Тұрақты даму мақсаттарын жергілікті деңгейде іске асырудың үлгісі ретінде атап өтілді.
2023
Green Destinations халықаралық сертификаты бойынша ТОП-100 тізімі
2025
Қор ҚР II Ерікті ұлттық шолуында ТДМ іске асыру жөніндегі мысал ретінде атап өтілді
Бірлесе жұмыс жасайық
Форманы толтырып жіберіңіз, біз сізге хабарласамыз